Образование
07.09.2026
Отбасы және отбасылық құндылықтар
Отбасы күнін мерекелеу аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызы туралы әңгімелесіп, отбасылық құндылықтар, өзара түсіністік, қамқорлық пен қолдаудың маңызын талқылады. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, тақырыптық сұрақтарға жауап беріп, отбасын берік әрі бақытты ететін құндылықтар туралы өз ойларымен бөлісті.
