Образование
18.09.2026
Тілдер онкүндігінің салтанатты жабылуы
18 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған Тілдер онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті.
Екі апта бойы оқушылар байқауларға, шығармашылық тапсырмаларға және басқа да іс-шараларға белсенді қатысып, өз білімдерін, қабілеттерін және тіл үйренуге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Салтанатты жиында онкүндіктің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды. Оқушыларға шығармашылық көзқарасы, бастамашылдығы және жоғары нәтижелері үшін грамоталар табысталды.
