
Образование
06.03.2024
Дарынды мұғалім - дарынды балаларға
2024 жылғы 5 наурызда Алматы қаласында "Дарынды мұғалім - дарынды балаларға" республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті, оған Солтүстік Қазақстан облысынан 8 жас педагог қатысты. Бұл іс-шара жас мұғалімдерге өздерінің педагогикалық дағдыларын, шығармашылығын және дамуға деген ұмтылысын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша республикалық конкурстық қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, олардың қатарына ауданымыздың келесі педагогтары кірді:
ІІІ - орын Шохтыбаева Тоғжан Рашитовна-" Новоишим қазақ ОМ" КММ ағылшын тілі мұғалімі;
Грамота - номинация Тайжанов Әділ Сәкенұлы-"Бірлік ОМ" КММ тарих пәнінің мұғалімі. Құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!