
Мектепке жол акциясы
"Мектепке жол" акциясы
Мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті білім берумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 1 тамыздан бастап 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін "Мектепке жол" республикалық акциясы өткізіледі .
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға зейін мен шынайы қамқорлық көрсете алады.
Акцияның ұраны:"Жақсылық жаса"
Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Сенім телефоны: 87153529169